4 мың мұқтаж қазастандық тұрғын үйге ие болды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аз қамтылған отбасыларға көптен күткен пәтер кілттерін табыстады
Ел Тәуелсіздігі күні қарсаңында өткен мемлекеттік марапаттарды табыстау салтанатында мемлекет басшысы биыл 4 мың аз қамтылған отбасылардың "Бақытты отбасы" бағдарламасының арқасында жылдық 2% -бен несие алып, қоныстойын тойлағандарын еске салды.
Тоқаев тұрғын үймен қамтамасыз етуді түбегейлі өзгертуді тапсырды...
- Тұрғын үй бойынша жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл мәселе үнемі біздің назарымызда болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басымдылық. Сондықтан жақын уақытта қосымша шаралар қолданылатын болады. Үкімет "Бақытты отбасы" бағдарламасының тәжірибесін тұрғын үй кезегінде тұрғандардың бәріне қолдану мәселесін қарастырып жатыр, – деді Тоқаев мемлекеттік марапаттар мен әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтарды тапсыру рәсімінде.
Президент үкіметке 2020 жылы аталмыш бағдарламаны кеңейтуді тапсырғанын жеткізді.
- Басқаша айтқанда, өзіміздің азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне жіті көңіл бөлінетін болады. Бұл жұмыс жемісін беретін күн де алыс емес деп, ойлаймын, – деді сөзін нақтылай түскен Президент....