Алматыда жасөспірім жедел жәрдем жеткенше көз жұмды
Спорт және туризм академиясында 15 жастағы бала баскетболдан жаттығу жасап жүріп есінен танып, көз жұмған
Жедел жәрдемнің екі бригадасы 8 минут ішінде жеткенімен, баланы аман алып қала алмады. Өлім себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады, деп жазады Sputnik Қазақстан сайты.
Жаттығу кезінде жаттықтырушы балалардың бірінің жағдайы нашарлап кеткенін сезген. Есінен танып қалған балаға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен есін жимады. Дәрігерлер биологиялық өлім деп белгіледі.
Аталған іс Алматы облыстық полиция органдарында қарастырылуда. Тергеу аяқталғанша жаттықтырушы жұмыстан шектетілді.