Қазақстандықтар үшін қосымша еңбек демалысы енгізілуі мүмкін
Халық денсаулығы туралы жаңа кодекс жобасы Қазақстан азаматтары үшін денсаулығын тексеруге арналған арнайы қосымша еңбек демалысын енгізуді ұсынады
Бұл норма ауру-сырқаудың алдын алуға мүмкіндік бермек, деп жазады Zakon.kz сайты.
Сонымен қатар, кодекстің жаңа нормалары азаматтардың өз денсаулығына немқұрайлы қарамау, соның ішінде уақтылы скринингтен өту, екпе қабылдау, қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерін реттеу және екпе қабылдамаған балаларды мектепке дейінгі білім беру орындарына қабылдамауды көздейді.
Бұл азазаматтардың, жұмыс берушілердің және мемлекеттің қоғам денсаулығына деген жауапкершілігін арттырады.
- Азаматтардың скринингтен өтуі үшін әлеуметтік еңбек демалысын беру міндеттелді. Қазіргі таңда жұмыстан босай алмағандықтан скринингтен өтпейді адамдар, - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртаңов.
Кодекстің жаңа ережесі бұл норманы бұзған жұмыс берушіні жауапқа тартуды көздейді. Сонымен қатар, скринингтен өтпеген жұмыскерді жұмысқа қабылдағаны үшін де жаза қарастырылған.
Ал бұндай еңбек демалыстары да төленуі керек дегенді қосты министр.