Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда жанармай тағы да қымбаттауы мүмкін

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев жақын уақытта елдегі жанар-жағармай бағасы көрші елдердегі бағамен теңелмек

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстандағы бензин бағасы жайлы пікір білдірді,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

- Алдағы бір, бір жарым айда алаңдайтындай ештеңе жоқ. Бензин және дизель отыны нарығында қандайда бір ауытқулар жоқ... Бензин мен дизель отыны реттелмелмейді, қазір барлығы да сұраныс пен ұсынысқа байланысты, - деді министр. - Бұл тұтынушы үшін жақсы, себебі бензин бағасы төмен және дизель отынының да бағасы аса қымбат емес. Менің айтайын дегенім бізде Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанмен салыстырғанда әлдеқайда бензин бағасы төмен.

Қанат Бозымбаев уақыт келе Қазақстанда жанар-жағармай бағасы Ресейдікімен теңесетінін айтады. 

- Біз мәжбүрлі түрде осыған барамыз. Бұл кезең кезеңімен көршілермен жақындай түсеміз. Бензиннің өзі бізбен Ресейді салыстырғанда айырмашылығы - 100 теңге. Кез-келген тыйым салулар шекарадағы сыбайлас жемқорлықты жояды. Кезең-кезеңімен келеді, бірақ бірден бола салмайды, - деді ведомство басшысы.

Следующая →