Қазақстанда зейнетақы қорын пайдалану сұрағы әлі қарастырылуда
Қазақстан азаматтарына өз зейнетақы қорындағы жинақты пайдалануға рұқсат ету сұрағы бойынша Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында Үкіметке ел азаматтарына өз зейнетақы қорындағы қаржыны белгілі бір бағыттарға пайдалануға рұқсат беру мүмкіншіліктерін қарастыруды тапсырған, деп жазады "Қазақпарат" ХАА сайты.
Бұл сұрақ жыл соңына дейін шешілуі керек.
- Қазір арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Президент тапсырмасына сәйкес, біз өз ұсыныстарымызды білдіреміз. Бұған қатысты бұрын да айтқам, - деді Бердібек Сапарбаев.
Оның айтуынша, ең алдымен бұндай мүмкіндік әр азаматтың жиынтық қорындағы сомасына байланысты.