Жазасын өтеушілерге жіберілетін сәлемдеме салмағы артты
Қазақстандағы абақтыларда жазасын өтеп жатқан азаматтарға туғандары мен жақындарынан қабылдауға болатын сәлімдеме салмағы арта түсті
ҚР ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев осындай бұйрыққа қол қойды.
- 2019 жылдың 13 қыркүйегіндегі министрдің бұйрығына сәйкес, енді түрмеге беріп жіберетін сәлемдеменің салмағы 14 келіден 20 келіге артты, - деп хабарлады мекеме.
Сонымен қатар, жазасын өтеушілерге жақындарымен телефонмен сөйлесуге бөлінген уақыт та ұзартылды. Егер техникалық мүмкіндік болса, видеобайланыс орнатуға да рұқсат. Егер бұрын 9.00-ден 18.00-ге дейін болса, қазір 21.00-ге дейін.
Бірақ әдеттегідей жазасын өтеуші азамат алдын ала мекеме басшысының атына өтініш жазуы керек.