Алматыда Еуразия сән апталығы аяқталды
Eurasian Fashion Week in Almaty көрсетілімі 10-12 қыркүйек аралығында өтті
Келесі көктем мен жаз айларында қандай үлгідегі киімге назар аударған жөн? Елден қалай ерекшеленуге болады? Осы сынды сауалдарға жауап табуға тырысатын сәнқойлар алып шаһарға жиналды, деп ktk.kz сайты. Оңтүстік астанада Еуразия сән апталығы өтіп жатыр. Алматыдағы подиумда отандық дизайнерлермен бірге Беларусь, Қырғызстан, Солтүстік Корея сияқты бірнеше елден келген сәнгерлер де жұрт назарына туындыларын ұсынуда.
Жаңа сән үлгілерінен құр қалмайтын талғампаз жандардың назарына алдағы жылдың көктем мен жаз мезгіліне арналған топтамалар ұсынылды. Әйелдердің әдемі көйлегі мен түрлі үлгідегі киімдерден көз сүрінеді. Сән апталығының шымылдығын Nosi moyo брендінің жаңа топтамасы ашты. Ол қызыл, қара және ақ түстен құралған.
- Еліміздегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына, алға жылжуына үлесімізді қоса аламыз. Қазірдің өзінде көптеген жас дизайнерлеріміздің жұмыстары, тіккен киімдері көңілден шығады. Бүгінгі көрсетілімнен кейін өзге елдерден де сұраныстың артарына сенімдімін, - дейді Eurasian Fashion Week жобасының бас продюсері Ирина Байжанова.
Сән саласының саңлақтары 2020 жылдың көктемі мен жазын мейлінше ашық түстерге бояп отыр. Киімнің қымбаты емес, сымбатыңызға жарасымдысы сәнді деген кеңесі де бар.