Қазақстанда полицейлерге қайтадан таяқ ұстауына рұқсат берді
1 қыркүйектен бастап қазақстандық полицейлер жол қозғалысын ретке келтіру үшін алатаяқ/таяқ қолдана бастады. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігі хабарлады.
Полицейлер таяқты жол қозғалысын реттеу үшін, жол апаты жағдайында көліктер бағытын басқа жаққа бұру, көлік кептелісі, көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру, антитеррористік немесе күзет шараларын өткізу және төтенше жағдай кезінде қолданбақ.
Министрліктің пікірінше, таяқты пайдалану жол полициясы қызметкерінің жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге берген сигналын оңай қабылдауға мүмкіндік беріп, "полицейлердің қауіпсіздігін арттырады".
Следующая →
Министрліктің пікірінше, таяқты пайдалану жол полициясы қызметкерінің жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге берген сигналын оңай қабылдауға мүмкіндік беріп, "полицейлердің қауіпсіздігін арттырады".
- Полиция қызметкерінің көлік құралдарын қолмен белгі беріп тоқтатуына жол берілмейді, - делінген хабарламада.