Қазақстандық кинологтар Арми-2019 сайысында қола жүлдеге қол жеткізді
Халықаралық әскери ойындар аясында «Верный друг» халықаралық кинологиялық байқауы төртінші рет өткізіліп отыр
"Верный друг" байқауының жабылу және жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімі РФ ҚК қызметтік ит шаруашылығының оқу орталығында өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің сайты.
Байқауда бірінші орынды Ресей кинологтары иеленді, екінші орынды Беларусь пен Өзбекстан командалары бөлісті, ал үшінші орынға Қазақстан командасы қол жеткізді.
Байқаудың бас төрешісі генерал-майор Владимир Головачев жүлдегерлерді құттықтап, осындай ауқымды жарысқа командалардың қатысқаны үшін алғысын білдірді.
Қазақстан командасын "Чемпиондар жарысы" кезеңінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен әскери полицияның қызметтік иттері таныстырды.