Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағанды облысында жергілікті азаматтар шетелдіктермен қақтығысқан

12 тамызда Қарағанды облысындағы Жәйрем кен байыту комбинатында жұмысшылар шиеленісі орын алды

Жәйремде полиметаллдық зауыт салынып жатыр. Екі жарым мың адам жұмыс жасап жатыр деген ақпарат бар. Соған жергілікті жігіттерді жұмысқа алмайды екен. Жергілікті тұрғындар жан жақта вахталық жұмыстарда жүр, әрі ауылдарда жұмыс іздеп жүреді.

Жәйремдік елу шақты жігіт зауыттың бақылау өткізу нысанын бұзып басып кірген. Куәгерлердің айтуынша, наразылыққа барған жігіттер түріктерді соққыға жыққан. Наразылық шарасына жалпы саны жүзден астам Жәйрем тұрғындары мен кенбайыту комбинатының жұмысшылары жиналған. Ушыққан жағдайды басуға Жәйремге прокуратура өкілдерімен бірге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та барған. Аймақ басшысы ашуға жол берген Жәйрем тұрғындарымен кездесіп, оларды сабырға шақырған. Жәйремдіктер жұмысқа алу талаптарының орындалуын сұраған.

Бүгін облыс әкімінің баспасөз қызметі Жәйремдегі жағдайдың реттелгенін әрі мұндағы жайтты аймақ басшысы тікелей бақылауына алғанын мәлімдеді.

Жәйрем кен байыту комбинаты қазіргі уақытта "Жәйрем Полиметаллы" инвестициялық жобасын жүзеге асырып жатыр. Жобаның құны 100 млрд теңге.

Следующая →