Ақмола облысында тұратын зейнеткер есірткі сатты деген күдікке ілікті
Ақмола облысының полиция қызметкерлері есірткіні заңсыз алып жүрген күдікті әйелді ұстады
Арнайы операция нәтижесінде полиция аса ірі көлемде героинді сатуды тоқтатты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Полицияның хабарлауынша, героин сатумен айналысатын Шортанды кентінің 61 жастағы тұрғыны және оған есірткі заттарын жеткізіп беретін 35 жастағы сыбайласы ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 10,59 грамм героин сатылып, екінші күдіктінің тұрғылықты жерінен жалпы салмағы 59,91 грамм есірткі табылды.
- Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері өңір аумағына есірткі құралдарын жеткізу арнасын орнату бойынша іс-шаралар жүргізуде. Есірткі өткізу фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, екі әйел уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлайды өңірдің ІІД.