Қазақстандағы медициналық оқу орындарының студенттерін жаңалық күтуде
Денсаулық сақтау министірлігі болашақ дәрігерлерді шынайы жағдайға бейімдеп оқыту қажеттігін хабарлады
2019-2020 жылдан бастап елімізде интернатура мен резидентураға әлеуетті жұмыс орындарында көп уақыт оқыту өткізіледі, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
- Егер алдағы жылдары теория мен практика кезең-кезеңімен сүйемелденсе, 2019-2020 оқу жылынан бастап интернатура мен резидентура 90% - ға дейін практикалық жағдайда жүргізілуі тиіс. Дәрігерді шынайы жағдайға дайындау керек, сондықтан клиникалық дайындық "тәжірибе арқылы оқыту" деп аталады, - деді Денсаулық сақтау министірлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Сәуле Сыдықова.
Сонымен қатар, мемлекеттік грант бойынша оқитын студенттер үш жылдық тәжірибеден өтуге міндеттеледі. Ал бұл мәселені болдырмас үшін резидентураға басқа мамандық таңдап түсуге болады. Биылғы жылдан бастап ақылы резидентура тоқтатылып, бюджет есебінен оқуға болатын мамандықтар тізімі қысқартылады.
Мұндай шаралар өңірлердегі медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін азайтады деп болжануда.
2019 жылдан бастап Үкіметтің тапсырмасы бойынша дәрігерлерді даярлаудың халықаралық стандарттары еңгізілуде.