Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық оқушылар тоғыз алтын медальмен оралды

Олар Тайванда өткен Азия құрлығының AIMO-2019 халықаралық математика олимпиадасына қатысып, үздіктер қатарынан көрінді

Жарысқа Азияның 18 елінен 2500-жуық адам қатысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Қатысушылар төрт сағат ішінде әр түрлі деңгейдегі 30 тапсырманы шешті. Оқушылар жас ерекшелігіне қарай іріктелді.

Өткен жылы қазақстандық оқушыларға бір немесе екі жоғары санаттағы награда алуға мүмкіндіктер болғантын.

Ең жоғары нәтижеге қол жеткізген Әділ Тоқтасын абсолютті чемпион атанды. Алтын медаль мен чемпион кубогін қанжығасына байлаған ол, америкалық мектептердің бірінде білім алады.

Жеңісті жолды жалғастырған Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы Алан Қасымқанов пен Рахат Сейтжан жеңістің биік тұғырынан көрінді. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12-сынып оқушылары Рахат Нұрғали мен Мәриям Абильдина алтын медаль мен кубоққа ие болды.


Следующая →