Қазақстандықтар тамыз айында 10 күн демалады
Тамызда қазақстандықтар Құрбан айт пен Конституция күнін тойлайды
Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни, жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.
Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.
Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.