Алматыда түлектерді жұмысқа орналастыру әдісін ойлап тапты
Қала әкімдігі "Білім" жүйесін енгізді. Білім бөлімінің ақпараты бойынша, жүйенің негізгі функциясы - колледж түлектерін жұмысқа орналастыру
"Білім" жүйесі осы жылдың қыркүйек айында іске қосылады деп жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Инновацияның арқасында студенттер түйіндемелерін тікелей қызметкерлердің кадрлар бөліміне жібере алады.
Өз кезегінде, жұмыс беруші өзінің әлеуетті қызметкерін толықтай бағалай алады, яғни, оның қалай оқығанын, қандай бағаларды алғанын, ол туралы мұғалімдердің пікірлерін біле алады. Сондай-ақ, жұмыс берушілер өздеріне ұнайтын үміткерлерді таңдап, оларды өндірістік тәжірибеге шақыра алады.