Өскемен
Бұлтты
+1°
  • Өскемен
    +1°
  • Семей
    -2°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -1°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -5°
  • Ақтау
    -1°
  • Атырау
    -11°
  • Қарағанды
    +1°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -6°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    +1°
  • Петропавловск
    -5°
  • Тараз
    +11°
  • Түркістан
    +6°
  • Орал
    -14°
  • Шымкент
    +7°
$
494.75
+0.12
586.77
+3.55
¥
71.45
+0.17
6.38
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтанда ғылыми онкологиялық орталық салынуда

Нұр-Сұлтанда жаңа ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысын аяқтау 2021 жылдың наурыз айына жоспарланған

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин Тұңғыш Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан Нұр-Сұлтандағы ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта болды.

Үкімет басшысына жаңа ғылыми онкологиялық орталықтың құрылысы бойынша Жол картасын жүзеге асыру барысы туралы баяндалды, ғимаратты жобалау схемасы таныстырылды.

- Ғылыми онкоорталық 6 қабаттан тұрады. Құрылыстың жалпы ауданы - 49 шаршы метрден астам. Құрылыс алаңы - 16 мың шаршы метрден астам. Құрылысты 2021 жылдың наурыз айында аяқтау жоспарлануда, - деп хабарлайды Үкімет баспасөз қызметі.

Жаңа орталықта қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеудің озық технологиялары, оның ішінде құрылған кардиологиялық және нейрохирургиялық кластерлердің тәжірибесін пайдалана отырып, лазерлік, сәулелік және жасушалық-иммундық терапия пайдаланылады деп жоспарлануда.

Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда уақытша ғимараттар мен құрылыстарды орнату, қолданыстағы әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды бұзу, қазаншұңқырларды қазу, Су деңгейін төмендету, қадаларды қағу жұмыстары орындалды, сондай-ақ іргелі жұмыстар басталды.

Следующая →