Шығыс Қазақстанда ауылдастардың ұрысы атыспен аяқталды
ШҚО Алтай ауданындағы аймақтық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені үшін айыпталған 27 жастағы ер адам ұсталды
Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға өткен сәрсенбі күні Алтай ауданының Парыгино ауылында орын алған.
- Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оң жақ табанының бытыра оқпен жараланған 1972 жылы туылған ер адамды анықтады. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілді, - делінген ақпаратта.
Көп ұзамай полиция қызметкерлері оқ атқан адамды анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталған ауыл тұрғыны болып шықты.
- Ұсталған азамат дау-жанжал кезінде бұрын туындаған дау-дамайлы қарым-қатынас себебінен үй иесінің оң жақ аяғын атқанын түсіндірді. Оқиға орнынан ішкі істер министрлігінің базасында тіркелмеген 28 калибрлі тегіс ұңғылы аңшы мылтығы тәркіленді, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру).
- Қылмыстық істі тергеу барысында ұсталған адамды атыс қаруын заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесі де шешілетін болады, - деп хабарлады баспасөз қызметі.