Павлодарда 13 млн теңге ұрлаған сатушы ұсталды
Өз дүкенінің кассасынан табылған ірі кемшілік туралы полицияға жеке кәсіпкер хабарлады
Полиция мәлімдеген оқиға бойынша тергеу жүргізіп, ірі шығынды анықтады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.
Тергеу барысында ұры анықталды. Ол дүкен жұмысшысы болды. Сатушы 2010 жылдан бері сол жерде жұмыс жасаған және дүкен иесіне тек жағымды жақтарымен көзге түскен. Жұмыс беруші сатушымен жыл сайын еңбек шартын және жеке толықтай материалдық жауапкершілік туралы келісімшартты қайта жасасып отырған.
- Тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау актісін жасау кезінде жетіспеушілік 24 млн теңгеден, ревизиядан кейін бұл сома 13 млн теңгеден асты, - деп хабарлады полиция департаменті.
Ұрланған ақшаның қайда жұмсалғандығын тергеу амалдарымен анықталуда.
Павлодар облысы ПД мәліметтері бойынша, жыл басынан бері сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе жұмсаудың 34 фактісі ашылды.