Өскемен
ясно
-12°
  • Өскемен
    -12°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +8°
$
498.51
+0.17
522.84
+3.12
¥
68.81
+0.02
4.81
-0.04
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда браконьерлерге жаза күшейтіледі

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев браконьерлікке қатысты қылмыстық заңнаманы қатаңдатуды тапсырды

Мұндай шаралар осы құбылыспен күресті неғұрлым тиімді етуі керек, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

Кеше, 23 шілдеде, екі қорықшы ақбөкенді аулаған браконьерлерді ұстау кезінде оқ жарақатын алған. Жарақат алған инспекторлардың бірі - Қаныш Нұртазинов дәрігерлер келгенге дейін көз жұмды. Екінші қорықшының жағдайы ауыр, бірақ тұрақты.

Мемлекет басшысы қорықшы Қаныш Нұртазиновтың туған-туыстарына көңіл айтты және қаза тапқан Қаныш Нұртазиновты мемлекеттік наградаға ұсынды.

Тергеу жұмыстары Ішкі істер министрлігінің бақылауында, екі күдікті жедел іс-әрекеттердің нәтижесінде қолға түсті.

Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев инспекторлық құрам үшін арнайы оқу-жаттығу өткізуді тапсырды.

- Бір ай ішінде браконьерлікпен күрес бойынша "Охотзоопром" инспекторлық құрамының арнайы теориялық және практикалық оқу-жаттығулары өткізіледі, - деп тапсырды ол.

Следующая →