Солтүстік Қазақстанда бүлдіршін жидектен уланып қайтыс болды
Тағы үшеуі "тамақтан улану" диагнозымен ауруханаға түсті, олар қасқырдың өте улы жидегін жеп қойған
Солтүстік Қазақстан облысында төрт бала белгісіз жидектен уланып, 5 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Барлық төрт бала бір жанұяның бүлдіршіндері, жидектерді ата-анасының бақылауынсыз өз бетімен қол жеткізген. Кейінірек балалар өздерін нашар сезінген - қызулары көтеріліп, жүректері айныған. Бес жасар бала ұйықтап қалып, содан оянбады, қалғандары - 11 және 8 жастағы балалар, сондай - ақ 8 айлық сәбиді облыстық санавиация ауруханасына жеткізді.
- Реанимацияға улану клиникасы бар үш бала келіп түсті. Балалар жақында белгісіз жидектерді қолданғанын айтты. Түскен кезде жүрек айнуы, құсу, диареяға шағымданды, оларда субфебрильді температура болды. Түскен кездегі балалардың жағдайы ауыр деп бағаланды. Оларға дезинтоксикациялық терапия жүргізілді, - деп хабарлады ауруханада.
Емдеу тиімді болып шықты, балалар өздерін жақсы сезініп, енді олардың өміріне еш қауіп жоқ.
Мамандар балалар қасқыр жидегімен уланған деп болжайды. Сонымен қатар, олардың анасында да ұқсас симптомдар болған, алайда ол оны әдеттегі тағамнан улану ретінде бағалады.
Балалар қауіпті жидектерді қай жерден тапқаны белгісіз.