Көкшетауда есірткі жарнамасы бейнеленген граффитилер өшірілді
Көкшетауда есірткі заттарын жарнамалауға арналған граффитидің жойылуына арналған іс-шара өтті
Акцияға Ақмола облысындағы есірткіге байланысты қылмысқа қарсы әрекет ету бөлімінің қызметкерлерімен жастар ресурстық орталығының еріктілері, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.
Олар велосипедпен қала көшелерін жүріп шығып, көп қабатты ғимараттардың қабырғаларын, кіреберістерді және басқа да объектілерді граффитидің болмауын тексерді.
- Акцияны ұйымдастырушылар есірткі саудагерлерінің байланыстары бар хабарландырулардың, веб-сайттардың, электрондық пошталары жазылған жазбаларды анықтап, боумен жойды. Рейд кезінде полиция мен еріктілер кіреберістер мен көппәтерлі үйлердің қабырғаларында, сондай-ақ автобус аялдамаларында тыйым салынған белгілерді тапты, - деп хабарлады полиция бөлімінің баспасөз қызметі.