Ақтөбеде Lexus дилерлік орталығы ашылды
Хабарламада айтылғандай, нысанның аумағы 800 шаршы метрді құрайды, ғимаратта Lexus автокөліктерінің толық модельдік қатарын көрсетуге мүмкіндік беретін заманауи шоу-рум залы бар
Қазақстан аумағында бұл үшінші орталық, деп хабарлайды Zakon.kz сайты. Нысанның өзі "Автоцентр Актобе" ЖШС компаниясына тиесілі.
Жобаның қаржылық серіктесі қазақстандық ВТБ банкі болды.
Банк басқармасының төрағасы Дмитрий Дмитрийдің айтуынша, қаржыландыру туралы шешім компанияның қаржылық көрсеткіштеріне сүйене отырып ғана қабылданған жоқ. Компанияның толық құндылығы, мақсаттылығы және оның миссиясы - ерекше назар аударылатын нәрсе.