Өскемен
ясно
+17°
  • Өскемен
    +17°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +24°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +21°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +16°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +21°
$
446.49
-0.91
475.38
-2.17
¥
61.66
-0.15
4.79
+0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Алматылық жүргізуші шетелдіктен 33 мың теңге жолақы алып алған

Алматыда таксист туристі әуежайдан қалаға дейін 33 мың теңгеге апарған

Бұл туралы қаладағы хостелдердің бірінің иесі Шәкір Исламбакиев әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА. 
Шәкірдің айтуынша, таксистер 2000 теңге деп келіседі де, келген соң әр шақырымы 2000 теңге деп шығады екен. Шетелдіктер проблема тудырмас үшін төлейтін көрінеді.
- Егер таксистер бірден қымбат бағаны айтса түсінер едім. Бұлай алдау шектен шыққандық қой. Қонақ кетіп қалған. Бірақ, жағымсыз әсермен кеткені рас, - деді ол.

Оның айтуынша, бұл бірінші жағдай емес.
- 4 жыл бойы мен осы туралы айтып келемін. Бірнеше рет тексеру ұйымдастырылды. Бірақ, баяғы жартас сол жартас. Алматыда универсиада болған кезде таксистерді әуежайдан қуып шықты емес пе? Бәрін жасауға болады тек оған ынта болса, - деді Шәкір.
Алматы әуежайы аталған оқиғаға қатысты түсінік берді.
- Әуежайға келген жеңіл көлік жүргізушілеріне кіруге тыйым салуға құқығымыз жоқ. Себебі бұл қоғамдық территория. Жүргізушілердің тұрақ төлемі болса болды, олар кіре береді. Ал кей таксистер жолаушылардың мазасын алса, жолаушылар арыздануға құқылы. Бірақ көпшілігі арыз жазбайды. Сосын мәселе құқықтық деңгейде көтерілмейді,- делінген Алматы әуежайының ресми жауабында.
Олардың айтуынша, әуежайда арнайы ресми такси қызметі жұмыс жасайды. 
Следующая →