Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Білім министрі оқу ақысының қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Министрлік ЖОО-ларға оқу ақысын өсіру туралы тапсырма берген жоқ

Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан министрліктің ЖОО ақысын өсіру туралы тапсырма бергені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Соңғы күндері әлеуметтік желіде білім саласына қатысты бірнеше жалған ақпарат таралып жатыр. Тіпті, қисынға келмейді. Кейбір азаматтардың пікірінше, ҚР Білім және ғылым министрлігі оқу ақысын 20%-ға көтеріңдер деген тапсырма беріпті. Ашығын айтайын, бұл ойдан шығарылған өтірік ақпарат. Министрліктің ондай жоспары жоқ. Негізсіз және фактісіз ақпараттардан абай болуларыңызды сұраймын, – деп жазады Ерболат Мұхамеджан.

Оның сөзінше, елімізде 131 ЖОО бар, соның көбі – жекеменшік, ал олар нарықтың ыңғайына қарай жұмыс істейді. Министрлік нарық заңдылығына араласа алмайды.

- Ақылы оқудан бөлек гранттар да бар екенін айтқым келеді. Гранттардың саны өткен жылы 20 мыңға көбейсе, биыл тағы Президенттің тапсырмасына сай 5 мыңға көбейді.Жалпы ақпарат үшін айта кетейін, Қазақстандағы ЖОО-ның орташа құны – 350-420 мың теңге. Біразында осы жылғы оқу ақысы, керісінше, арзандады. Мысалы, ҚарМУ-да оқу құны 7000 теңгеге азайса, Алматы менеджмент университеті оқу ақысын 7%-ке төмендетуге ниетті, – дейді БҒМ өкілі.

Следующая →