Ыстықкөлде күзетші екі адамды өлтірген
Онымен қйомай, ауыл тұрғындарының бірін пышақтап, лагерь қызметкерін тұтқынға алып, ізін суытқан
Оқыс жағдай "Хан Тәңірі" лагерінде орын алған. Полиция анықтағандай, бұл тұрмыстық жағдайдан орын алған жанжал, деп жазады Sputnik Қазақстан сайты.
Ал ІІШ мәліметтеріне сүйенсек, күдікті осы лагерьдің күзетшісі екен.
Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, асханаға кірген 29 жастағы ер адам алдымен лагерь басшысының орынбасарын өлтіріп, кейін тағы бір қызметкерге оқ атқан. Ал асханада тамақ ішіп отырған тағы бір азамат оны тоқтатпақ болғанда, күзетші оны пышақпен жарақаттаған. Қолынан жарақаттанған ол қашып шыққан.
Күдікті онымен қоймай 48 жастағы келіншекті тұтқынға алып, қашып кеткен.
Қазіргі уақытта келіншекті құтқару және қылмыскерді ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде.