Көлсайда ғана тіршілік ететін медуза табылды
Көлсай көлінен медуза табылды
Орта Көлсай көлінің суынан алынған сынамадан медуза табылды, деп хабарлайды Theworldnews.netсайты.
"Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" ЖШС-нің бұл жаңалығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет бөлісті.
– Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының" бас бөлімшесінің мамандары соңғы үш жыл бойы (2016-2019 жж.) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды зерттеу аясында Орта Көлсай мен Төмен Көлсай көлдерінің фаунасын мамандары зерттеген. Гидробиология және гидроаналитика зертханасының қызметкерлері екі көлдің зообентосы (төменгі омыртқасыздар) құрамын талдаған. 2017 жылы Көлсайдың тұщы суынан медуза табылды, – деді Ділдахмет.