Ақмола облысының егде жастағы тұрғыны ұрыдан пышақ көрсетіп қашып құтылған
Ұрлық жасамақ болған Степногорск қаласының 40 жастағы тұрғыны ұсталды
Ол егде жастағы тұрғынның үйіне басып кіріп, оны тонап кетпек болған.
- Ал үйін және өзін қорғамақ болған тұрғын қолына пышақ алып, ұрлықшыны ұрып жіберген. Жараланған ұрының қашпасқа амалы қалмаған, - деп хабарлайды Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс ашылып, тергеу амалдары жасалуда.