Қазақстандық жастарға ақысы 10-12 мың теңге болатын пәтерлер беріле бастамақ
Мұндай пәтерлер Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларынан беріледі
Елдің Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекованың айтуынша, қазір баспана алуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың бар екендігіне қарамастан, жастарға пәтер алудың қиындығы шаш етектен.
- Еңбекақының көп бөлігі пәтер жалдауға кететін болса, қалай пәтер алуға қаражат жиналады, - дейді вице-министр.
Омарбекованың айтуынша, арзан бағамен жалға берілетін пәтерлердің тізімі сайтқа жарияланатын болады. Ал өтінімді қабылдау қыркүйек айынан басталады. 29 жасқа толмаған және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі не қазақстандық баспана бағдарламалар арқылы тұрғын үй алуға кезекте тұрған жастар өтінім бере алады.
Сондай-ақ, мүгедек ата-анасы не мүгедек балалары бар жастарға басымдық беріледі.