Қарияның пәтеріне ұрлыққа түскен
Қаскүнем есіктің құлпын бұзып, жалпы құны 262 мың теңге болатын барлық алтын әшекейлерді қолды қылған
Облыс орталығының 60 жасар тұрғыны полицияға 17 мамыр күні шағымданған, алайда полиция қызметкерлері тек жақында ғана ұрыны қолға түсірді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде Өскемен қаласының полиция қызметкерлері Риддер қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Анықталғандай, ол ұрланған алтын әшекейлерді Риддер қаласындағы ломбардқа сатып жіберген.
- Қазіргі уақытта ұрланған заттар жартылай тәркіленді, ҚР ҚК 188-бабы 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сондай-ақ ұсталған азаматтың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, - деп түсіндірді Өскемен қаласы ІІБ баспасөз қызметі.
Енді, жігіт 3 мың АЕК ( 7,5 миллион теңгеден астам) көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.