Science School Kaskasu мектебі қазақстандық жас ғалымдарды жинады
Жазғы мектепке жас ғалымдар кеңесінің төрағалары, оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және студенттер қатысты
Курстардың мақсаты ғылыми жобаларды монетизациялау дағдыларына үйрету болып табылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА сайты.
Мектепте оқуға 100-ден астам өтініш түсіп, олардың ішінен тек 27 үміткер іріктелді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Science School Kaskasu жазғы мектебі - бұл ең алдымен командада жұмыс істеу дағдыларын дамыту, көшбасшылық қасиеттерді нығайту және ғылыми импровизация үшін жақсы плацдарм.