Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Арыс тұрғындары үйлеріне оралуда

ІІМ басшысы Арыс тұрғындарының эвакуациядан кейін үйлеріне оралуын жеке өзі бақылауда ұстамақ

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев әскери бөлімде болған оқ-дәрі детонациясына байланысты бұрын көшірілген тұрғындардың қайтып оралуын қадағалау үшін Түркістан облысының Арыс қаласына келді.

- Жағдайды өзінің жеке бақылауына алу мақсатында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Арыс қаласына келді, - делінген баспасөз қызметінің жұма күнгі хабарламасында.

Баспасөз қызметі атап өткендей, жұма күні таңғы сағат 6-дан бастап Түркістан облысы мен Шымкент (Қазақстанның оңтүстігіндегі Республикалық маңызы бар қала) Полиция департаменттерінің жеке құрамы эвакуациядан келген тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

- Эвакуацияланған тұрғындар мінген автобус колонналарымен бірге полиция ілесіп жүрмек. Жергілікті полиция қызметі азаматтардың тәртібі мен мүліктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, төтенше жағдай салдарын жою орнында ІІМ-нің күштері мен құралдарын топтастыру 1 500-ден астам жеке құрам мен 188 бірлік техниканы құрайды.

ІІМ тұрғындарға қауіп төнгеннен кейін Арыс қаласынан 3566 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 39 мыңнан астам адам өз бетімен кеткенін еске салды.

24 маусым күні таңертең Арыс қаласында орналасқан N44856 әскери бөлімінің қоймаларында өрт шығып, оқ-дәрі детонациясы орын алды. Түркістан облысының билігі аймақта төтенше жағдай режимін жариялап, 45 мыңға жуық адамды құрайтын Арыс халқын эвакуациялады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, ТЖ салдарынан үш адам қаза тауып, медициналық көмекке 400-ден астам адам жүгінген. Қала тұрғындарын уақытша Шымкентке және тағы бірнеше жақын елді мекендерге орналастырды. Жұма күні таңертең Арыс тұрғындары өз үйлеріне орала бастады.

Следующая →