Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанның солтүстігінде 40 млн теңге қолды қылған алаяқ ұсталды

Алаяқтың өзі тұрғындарға жеңіл ақша табудың жолын үйретумен айналысқан

Петропавл полицейлері 40 миллион теңгеге алаяқтық жасаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Солтүстік Қазақстан облысың ПД баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, қалалық полиция департаментіне Қызылжар ауданының тұрғындарынан шағым түскен. Криминалды полиция қызметкерлері 1981 жылы туған Бескөл ауданының тұрғынын ұстаған.

- Адамдармен танысып, оларға жеңіл жолмен пайда табуға болатын бизнеспен шұғылдануға кеңес берген. Осылайша, ол ақшаның бір бөлігін "инвестициялауды" ұсыныпты. Алғашында адамдардан 100 мың теңге сұраған. Егер адам келісімін берсе, оған белгілі уақыттан соң 120 мың теңгесі қайтарылыпты. Адамның сеніміне кірген соң, оған "арнайы ұсыныс" жасап, 1 миллион теңге салуды ұсыныпты, - дейді тәртіп сақшылары.

Біраз уақыттан соң, салынған ақшаның бір бөлігі процент түрінде берілген.

Күдікті қалған ақша "айналымға" жіберілді деп сендірген. Қосымша ақша салып, табысты ұлғайтуға болатынын да айтыпты. Зардап шегушілер бұған қуана келіскен.

- "Адамдар кредит алып, туыстарын да ақша салуға көндірген. Тіпті, бір жолы күдіктінің қолына 27 миллион түскен көрінеді. Ол өзінің мұндай "бизнесін" 2018 жылдан бері жүзеге асырып келген. Зардап шегушілер полицияға арыз бермей, табысты айлап күтіп отырған, - дейді қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің басшысы, полиция майоры Марат Жанғұжинов.


Следующая →