Көкшетауда заңсыз істеп тұрған казино жабылды
Экономикалық тергеу департаменті төрт ойын-сауық ғимаратын жауып, барлық ақша мен техниканы тәркіледі
Қазақстан Республикасында тек арнайы белгіленген аумақта ғана казино мен ойын автоматтары қойылған орын ашуға болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Мекеме мәліметтеріне сүйенсек, бұл аумақ – Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауы және Шучинск ауданы. Департамент қызметкерлері 3 млн теңге ақша, теледидар және ойын автоматтарын тәркіледі.
Осы сынды заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылғаны туралы ақпарат білетіндерге тәртіп сақшылары арнайы көрсетілген телефон нөмірі арқылы хабарлауды ескертеді: 8 (7172) 70-98-20.