2017 жылы түсірілген қазақ-қытай фильмі екі бірдей сыйлыққа ие болды
8 жасар Дильназ Нұрсейіт Шанхай кинофестивалінің сыйлығына ие болды
8 жасар қазақстандық актриса Дильназ Нұрсейіт 22-ші Шанхай кинофестивалінде "Үздік жаңа есім" аталымында CCTV-6 телеарнасының сыйлығына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
Жеткіншек Қазақстан мен Қытай бірлесіп түсірген "Композитор" фильмінде Бақытжан Байқадамовтың жиенінің рөлін сомдаған болатын. Сондай-ақ, "Композитор" фильмінің продюсерлік тобы да ұйымдастыру комитетінің құрметті сыйлығын алды.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Қытай режиссерлері бірге түсірген "Композитор" көркем фильмі мамыр айында прокатқа шыққан болатын. Көркем лента қытайлық композитор Сянь Синхайдың Совет одағына, оның ішінде Алматыға эвакуацияланған кезі мен танымал қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовпен достығы туралы баяндайды. Фильмді Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы және қытайлық "Shineworks Pictures", "China film coproduction corporation" компаниялары бірге түсірген.
Следующая →

Тақырыптар:
Казахстанско-китайский фильм Две награды Фильм "Композитор" XII международном кинофестивале Фестиваль в Шанхае