Қару-жарақ қоймасындағы жарылыстан зардап шеккендер жайлы белгілі болды
Оңтүстік Қазақстандағы әскери бөлімде орын алған жарылыстан кемінде 10 адам зардап шекті
Шымкенттің ауруханасына жарылыстан зардап шеккен 10 адам түскен.
- Шамамен 10-11 адам көмекке жүгінді. Әзірге олардың қандай жарақат алғандығын айта алмаймын. Дәрігерлер тексеріп жатыр, - деп хабарлады аурухананың қабылдау бөлімінде.
Ал Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Дүйсенбі күні өрт сөндіру бөліміне Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында жарылыс орын алғандығы туралы хабар түскен.
Қорғаныс министрлігінің алдын ала мәліметтері бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал билік Түркістан облысында төтенше жағдай жариялап, Арыс халқын көшіруді бастады.