Үйіне кетіп бара жатқан жалғызбасты әкенің тұтқынға түскен сәті таспаға түсіп қалған
Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқитын оқушының әкесі Арман Абдуллахановты 10 маусым күні полицейлер ұстап алып кеткен
Бірақ артынша полицейлер Арманның ереуілге ешқандай қатысы жоқ екенін мойындап, кешірім сұраған, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Арманның айтуынша, бөлімшесіне жеткенде полиция қызметкері оның жазықсыз қолға түскенін ұғып, үйіне қайтарып жіберген. Арман тәртіп сақшыларының тек өз жұмыстарын дұрыс атқарып жүргендерін түсінетінін, алайда осы жолы асыра сілтеп жібергендерін айтады.
- Үйге келгеннен кейін біршама уақыт өз-өзіме келе алмай жаттым. Кенет ұялы телефоным дамыл таппай кеттк. Сөйтсем, мені тәртіп сақшылары алып кетіп бара жатқан сәтті біреулер түсіріп алып, YouTube-ке салып жіберген. Алаңдаған достарым мән-жайды білуге асыққан екен, - деп еске алады Арман.
Азамат саясаттан алшақ екенін мойындайды. Өйткені оның бас қайғысы жетерлік: зайыбымен жұбы ажырасқалы өзі жалғыз үш баласын асырап келеді.
Следующая →