Атырауда жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болған
Терезеден секіруге ниеттенген адам туралы хабар түнгі уақытта полиция бөліміне түсті жәгне полиция қызметкерлері қайғылы жағдайды болдырмады
Қарапайым азаматтар полиция қызметкерлері келмей тұрып, терезелердің астындағы шатырды көтере алды. Қоңырауға жауап берген екі қызметкер келгенде, олардың біреуі, кіші лейтенант Шахшаев, халықтың іс-әрекетін үйлестіру үшін ғимараттың сыртында болды. Аға лейтенант Сатыбаев 6-шы қабатқа көтеріліп, қол жұмсамақ болған ерадамның пәтеріне кіруге тырысты, бірақ есікті ашпады, деп хабарлайды Қазақпарат сайты.
Содан кейін көрші балкон арқылы 20 жастағы жігіттің қасына барды. Полиция қызметкері өзін-өзі өлтірмек болғанадаммен бірге үйдің ішіне қарай секірді.
Медициналық тексеруден кейін, оқиға болған жердегі өз-өзіне қол жұмсамақ болған адам өте мас болды. Жас жігіт іс-әрекетінің себептерін түсіндіре алмады. Бұл оқиға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.