Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаппай тұтқындау, естен тану, соққыға жығылған полицей: ірі қалалардағы сайлау қалай өтті

9 маусым күні сайлау кезінде Қазақстанның ірі қалаларында рұқсат етілмеген көтерілістер өтті, зардап шеккендер бар

Елдің ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев мәлімдегендей, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында рұқсат етілмеген ереуілге шыққан 500 азамат тұтқындалып, ІІМ бөлімшелеріне жеткізілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол тәртіп сақшыларының әрекеттері заң аясында болып, ереуілді сейілтуге арнайы құралдар қолданылмағанын атап өтті.

Бірақ акцияға қатысушылардың кейбірі өзін тым өрескел ұстаған: тәртіп сақшыларына тас атып, бұрыш баллондарын шашып, доң-айбат көрсеткен.

Бассыздық нәтижесінде үш полицей зардап шеккен: біреуі бұрыш баллонынан шыққан газдан көзінің мүйізгек қабығы күйіп, ауруханаға жеткізілді, ал екеуіне тас тиген.

Ішкі істер минитсрінің орынбасары айтқандай, тәртіп бұзғандар міндетті түрде ұсталып, жауапқа тартылады.

Ал әлеуметтік желіде көтеріліс кезінде полицейдің қолынан қаза болған ер адам туралы ақпарат тараған. Ал ІІМ бұл ақпаратты жоққа шығарып, халықты тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды. Нұр-Сұлтан әкімдігі де бұл ақпараттың жалған екенін атап өтті. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, егде жастағы ер адам есінен танып қалған, кейін тәртіп сақшылары дәрігер шақыртқан. Жедел жәрдем жеткенде ер адам есін жиған.

Следующая →