Мемлекеттік қызметкерлердің үйлерінен тәркіленген суреттер Шымкент музейінің ажарын келтіріп тұр
18-ші және 19-шы ғасырлардағы ежелгі және қымбат картиналар, мүсіндер мен зергерлік бұйымдарды жемқор шенеуніктерден алынды
Сот шешімінен кейін белгілі суретшілердің 400-ден астам туындылары тәркіленіп, Шымкент музейіне экспонат ретінде жіберілді, деп хабарлайды Otyrar.kz сайты.
Енді көрмеге 100 теңгеге кіріп, Айвазовский, Прух, Хальцман, Рихтер және басқа да суретшілердің тамаша туындыларды көруге болады. Суреттердің құны 5 миллион еуроға бағаланады.