Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Ерлікпен қаза болған әскери қызметкер марапатталды

ҚР Қарулы Күштері Әуе Қорғаныс күштері басшылығы 12 жасар баланы құтқарып, опат болған кіші сержант Ерлан Райымқұловты ерлігі мен қайсарлығы үшін қайтыс болғаннан кейін марапаттады

Марапат сержанттың туыстарына табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Марапаттау рәсімі ҚР Қарулы күштері Әуе қорғаныс күштері бас қолбасшылығының басқармасында өтті. Рәсім алдында залда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалып, содан кейін бас штабтың бастығы - ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Н.Мұқанов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын оқыды.

- Адам өмірін құтқаруға қатысты сын сағаты соққан кезде ерлік пен қайсарлық танытқаны үшін кіші сержант Райымқұлов Ерлан Тоқтарбайұлы қайтыс болғаннан кейін "Ерлігі үшін" медалімен, өз өміріне төнген қауіпті елемей, адам өмірін құтқаруда батылдығы мен жанқиярлығы, жанкештілігі үшін "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталсын, - делінген Жарлықта.

Марапатты қайтыс болған әскери қызметшінің зайыбына Әуе Қорғаныс күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Н.Карбенов табыстады.

- Ерланның ерлігі - әрбір қазақстандыққа үлгі. Ерлікті қызметтік міндет кезінде ғана емес, кез келген жағдайда таныта білуге болады. Сын сағатта Ерлан өз таңдауын жасады - ерлік жолын таңдады. Ол жас болса да, батылдығымен жас балаға өмір сыйлап кетті. Өз ерлігімен ол ер жігіттің қандай болуы керектігін белгілеп берді, - деді ҚР ҚК ӘҚК бас қолбасшысының орынбасары Т. Қойшығұлов.

Өз кезегінде кіші сержанттың анасы Ризагүл Назарбекова көз жасына ерік беріп, ұлына көрсетіліп жатқан құрметке алғысын білдірді.

Следующая →