Өскемен
ясно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +14°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +19°
  • Орал
    +16°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +13°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +23°
$
478.93
-0.03
534.96
+1.93
¥
67.8
+0.18
5.16
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қызылорда соты қыз алып қашу ісін қарады

Сот шешімі бойынша, Қызылордадағы үш жас жігіт қыз алып қашқаны үшін шартты мерзім алды

Күйеу жігіт пен оның тағы екі досы шартты түрде 7 жылдан алды, деп жазады Sputnik Қазақстан сайты.

Істі болған азамат алып қашқан бойжеткенмен қыз-жігіт болып жүрген, бірақ ақыры ажырасып кеткен. Сол кезде ол қызды алып қашпақ болады.

Қызылорда қаласындағы №2 соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, жігіт өзінің екі ауылдасымен алдын ала келісіп алып, қызын алып қашіға Қызылордаға келген. Таңертең бойжеткен жұмысқа бара жатқан уақытта алып қашқан. Алдымен жұмысына жеткізіп тастауды ұсынып, қыз келіспеген соңкүштеп көлікке отырғызып, ауылға қарай тартып тұрған.

Алайда олардың бұл жоспарының күлі көкке ұшты. Өйткені жол бойында көлікті жол-көлік полициясы тоқтатқан. Сол кезде бойжеткен тәртіп сақшысынан көмек сұраған.

Адам ұрлағаны үшін үшеуі заң алдында жауап береді.


Следующая →