Ақмола облысында төрт жасөспірім комаға түсті
16, 14 және 13 жастағы жасөспірімдер бұлшықеттерін таблеткалардың көмегімен әсіруді ұйғарып, нәтижесінде Ақмола облысы Ерейментау аудандық ауруханасының реанимация бөліміне түсті
Белгілі болғандай, жасөспірімдер ұйықтар алдында 15 таблеткадан Финлепсин ішкен, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.
Таңертеңнен бастап жасөспірімдер бірінен соң бірі ауруханаға түсті-олардың барлығы Олжабай батыр кентінің тұрғындары болып табылады.
Ауруханаға жатқызу кезіндегі жасөспірімдердің жағдайы ауыр болды – уыттану, тырысулар және неврологиялық симптомдар, кома.
- Финлепсин препаратының көмегімен жасөспірімдер бұлшықеттерін өсіруге үміттенген. Олардың әрқайсысы 15 таблеткадан ішкен, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Достарына дәрі-дәрмек таратқан жасөспірім де ауруханаға жатқызылғандардың арасында жатыр, бұл ретте оның "эпилепсия" деген диагнозы бар. Дәл осы эпилепсияда финлепсин препараты қолданылады.
Жасөспірімдер әлі де реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр, олардың бірі есін жиды.
- Республикалық санавиация медициналық мекемесіне токсиколог-дәрігер, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді ауруханасынан реаниматолог жіберілді, - деп толықтырды басқармада.
Финлепсинмен артық дозалану салдарынан жүрек пен бүйрек жұмысы, қан шығару жүйесі, тыныс алудың бұзылады. Бұлшықеттерді өсіру әсері дәрігерлерге белгілі емес.