Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандағы полиция қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі

1 шілдеден бастап құқық қорғаушылардың жалақысы 65%-ға өседі

Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди органдарды оңтайланырудың нәтижесін жариялады. Оның айтуынша, осы уақытқа дейін мыңдаған басшылық қызмет оңтайландырылды. Соның нәтижесінде ішкі істер органдарының штаты 11 пайызға қысқарып отыр. Алайда қысқартуға түскен қызметкерлер құқық қорғау органдарынан өз еркімен кеткен адамдардың орнына жұмысқа тұруға мүмкіндік алды.

- Құқық қорғаушының мәртебесін көтеру үшін біз жалақыны көтеріп жатырмыз. Мәселен, қысқартудың нәтижесінде, шамамен, 16 миллиард теңге үнемделіп отыр. Оған қоса, үкімет бізге 20 миллиард бөліп отыр. Мұның бәрі 1 шілдеден бастап жалақыны көтеруге мүмкіндік береді, - деді Калайчиди журналистерге берген сұхбатында.

Осылайша полицейлердің жалақысы 65%-ға көтеріліп, тіпті, кейбір қызметкерлер 300 мың теңгеге дейін айлық алатын болады.

- Бұдан бөлек, баспананы жалға алғаны үшін өтемақы алатындардың тізімі кеңейеді. Бүгінде ондай ақшаны тек шұғыл және тергеу қызметкерлері ғана алып жүр. Ендігі кезекте ол тізімге патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, жалпы, 9 мыңнан астам адам кіретін болады. Оған да қаржы бөлінеді. Осылайша, орташа жалақы 107 мың теңгеден 150 мыңға дейін өседі. Оған қоса, тұрғылықты жеріне қарай баспананың өтемақысы 70-200 мың теңгенің аралығында болады, - деп атап көрсетті Калайчиди.

Следующая →