Жамбыл облысында заңсыз құм тасығандар ұсталды
Өңірдегі компаниялардың бірнешеуі заңсыз карьера қазумен айналысқан
Жамбыл облысының табиғатты қорғау полицейлері жер қойнауын заңсыз пайдаланған кәсіпкерлерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.
- Жамбыл мен Мойынқұм аудандарында заңсыз карьера қазып, шағыл, құм, қиыршық тас сынды құрылыс материалдарын тасымен айналысқан екі жағдай тіркелді, - деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.
Оларға ҚР ҚК "Өз еркімен жерді пайдалану" фактісі бойынша айып тағылып, қазір шығындары есептеліп жатыр.