Алматының қасында қоқыс полигоны өртеніп жатыр
Алматы облысының Қарасай ауданындағы полигонда өрт пайда болды, оның түтіні қалаға жетті
Алматы облысының ТЖД өрт сөндірушілер өрт пайда болған ошаққа дейін жете алмайтынын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
- Қарасай ауданы, Айтей ауылының маңында жалпы аумағы 1 га болатын қатты қалдықтар полигоны өртенді. Сумен басу мүмкін емес, өйткені 60-70 метр тереңдікте жанып жатыр, - деді ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт түнгі 2-де басталды, қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ. Полигонның жалпы ауданы 10,6 гектарды құрайды.