Нұр-Сұлтанда қыз баланы құтқару кезінде әскери қызметкер қаза тапты
Әуе қорғанысы күштері 47762 әскери бөлімінің сержанты Ерлан Райымқұлов өз өмірін қиы отырып, батып бара жатқан қызды құтқарған
10 мамыр күні сағат 12: 10-да Есіл өзенінде, "Газмашаппаратура" бау-бақша қоғамының ауданында 2007 жылы итін құтқармақ болған қыз бала оның артынан суға секірген, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Жағада балық аулаған куәгер уақытында көмек шақырған. "Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы" ММ құтқарушылары қызға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Өкінішке қарай, қызды құтқарған 1981 жылы дүниеге келген азамат ағысқа төтеп бере алмай, суға батып кетті.
- Оның артынан жұбайы мен екі ұлы қалды, - деп хабарланады әлеуметтік желіде.