Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Еңбек министрлігінде мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтардың өмірін жақсартуға көңіл бөлінбек

Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды әзірлеуге кірісті

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА сайты.

Бұл тұрғыда Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандардың кездесетін мәселелерін шешу бойынша шаралар көзделетін болады. Олардың ішінде - білім беру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналастыру қызметтерінің қолжетімділігі.

Ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында Әлеуметтік қызметтер порталын іске қосу жоспарланып отыр, онда жеке қажеттіліктер бойынша оңалтудың техникалық құралдарын таңдауға және оларды ұсыну мерзімдерін қысқартуға болады.

Сондай-ақ, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету нормативтері жетілдірілетін болады.

Следующая →