Ақсу қаласының металлургтері экологиялық акция өткізді
Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері қалалық саябақта 100 ағаш отырғызды
Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы "Қазхром" ТҰК» АҚ филиалы Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері отбасыларымен бірлесіп, қалалық саябақта 100 пирамидалы қайың теректерін отырғызды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Жасыл қорды жаңарту Ақсу ферроқорытпа зауытының табиғатты қорғау бағдарламасы тармақтарының бірі саналады. Еуразиялық Топтың "Ағаш отырғыз" корпоративтік жобасы тек кәсіпорын аумағымен ғана шектеліп қалмай, қалалық саябақтарда да өз жалғасын табуда.
Осылайша Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлері , тұрақты түрде ағаш отырғызу арқылы, "жасыл экономиканы" дамытуға өзіндік үлесін қосуда. Тек соңғы бес жылда Ақсу металлургтері қала ішінде бес жүзден астам қайың отырғызды. Сондай-ақ олар өз әлеуметтік нысандарын және кәсіпорынның айналасындағы санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыруда. Қызметкерлер бұл іске өз балаларын да тартады. Айталық, саябақта өткен акцияға зауыттықтар отбасыларымен бірге келді.
Зауыт қызметкерлері ағаштарды отырғызып қана қоймай, алдағы уақытта оларды күтіп-баптап отырады.