Өскемен
ясно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +11°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +24°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +20°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +12°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +21°
  • Шымкент
    +17°
$
443.35
-0.87
475.54
-0.84
¥
61.18
-0.13
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

БЗЖҚ ұсталған табыс салығын қайтарады

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кей азаматтарға зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтарылады

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

  • Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

  • I, II немесе III топтағы мүгедек;

  • мүгедек балалар мен олардың ата-аналары, асыраушысы, қамқоршысы.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;

  • табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін www.enpf.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.


Следующая →