Өскемен
пасмурно
+10°
  • Өскемен
    +10°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +4°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +10°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +7°
  • Петропавловск
    +7°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +18°
$
442.05
+0.61
474.14
+1.05
¥
61.07
+0.11
4.74
-0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Наталья Хижняк
Ақпарат көзі:
Устинка

Елордаға FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді

Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы ең бірінші рейсін орындады

Бүгін компания ұшағы Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Жаңа ғана Нұр-Сұлтан қаласына FlyArystan әуе компаниясының алғашқы рейсі ұшып келді, - деп жазды Азаматтық авиация комитеті Телеграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстандағы алғашқы лоукостер - FlyArystan әуе компаниясы 1 мамырдан бастап әуе қатынасын орындай бастайтынын жазған болатынбыз.

- Бүгіннен бастап Қазақстан ішінде 6 бағыт бойынша әуе рейстері ұшырыла бастады. Рейстер санын көбейту үшін өңірлердегі әуежайларға хат жолдап жатырмыз. Бізде қазір небәрі 2 ұшақ әуе рейстерін орындап жатыр, қыркүйек айында тағы бір ұшақ қосылады. Сондықтан қай өңірдің әуежайы өтінім береді, сол бағытқа қарай рейс ашылады. Ал жолаушылардың санына келсек, биыл жоспар бойынша FlyArystan әуе компаниясының қызметін қолданушылардың саны 700 мың адам болады деп белгілеп отырмыз. Келесі 2020 жылы 2,5 млн адам, ал 2022 жылы 4 млн адамға жеткіземіз, - деді Ж.Жайлауова.

FlyArystan әуе компаниясы өкілінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 45 мыңға жуық билет сатылды және олардың 85% "багажсыз" тарифтер құрайды.

- Бүгінгі 180 орындық Airbus A320 ұшағымен Алматыдан Нұр-Сұлтан әуежайына алғашқы рейс сәтті орындалды. Ұшақта сапалы қызмет көрсетіледі және билет бағасы да қолжетімді. Сонымен қатар FlyArystan әуе кемесінің бортында жаңа Recaro 3530 SLIM былғарымен қапталған, 70 см-ден 82 см-ге дейін қозғалатын орындықтар орнатылған. Одан бөлек, 2020-2021 жылдары жақын шет елдерде әуе қатынасын жүзеге асыру жоспарымызда бар. Атап айтқанда, Ресей, Грузия, Өзбекстан және тағы басқа елдер, - дейді бөлім басшысы.


Следующая →